Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Елімізге төтенше жағдай енгізілгелі бері қанша адам медициналық көмекке жүгінді

Опубликовано:

Жедел жәрдем
Фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Денсаулық сақтау министрлігі қоғаммен байланыс департаментінің жетекшісі Әсел Артақшинова Орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн-брифингке қатысып, ел аумағындағы төтенше жағдай кезінде қанша тұрғынның медициналық көмекке жүгінгені туралы мәлімдеді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Республика аймақтарында төтенше жағдай режимі жарияланғалы бері 2677 адам медициналық көмекке жүгінген. Оның ішінде 1815 адам амбулаторлық көмек сұраса, стационарлық ем 598 науқасқа қажет болды.

Бүгінде дейін 265 адам әлі де ем алуда, олардың 67 пайызы ауыр жағдайда, жансақтау бөлімінде жатыр. Спикердің айтуынша, 500-ден аса ауыр ота жасалған.

Бас прокуратура жариялаған соңғы ресми мәлімет бойынша, 225 адам қайтыс болды. 175 науқас медициналық ұйымдарда көз жұмды. Артақшинова дәл қазіргі сәтте еліміздегі барлық медұйымдар штаттық режимде жұмыс істеп жатқанын жеткізді.

Медициналық авиация Нұр-Сұлтаннан Алматы қаласына резерв жинау мақсатында 360 қан мөлшерін тасымалдаған. Сондай-ақ, ІІМ-мен бірге Алматы, Нұр-Сұлтан, Шымкент және Ақтөбе қалаларындағы дәрі-дәрмек сақталған қоймалар тәулік бойы күзетілуде.

Жиын барысында Алматы мен тағы екі аймақта террористік қауіптің "қызыл" деңгейі сақталғаны хабарланды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1951348-elimizge-totense-zagdai-engizilgeli-beri-qansa-adam-medicinalyq-komekke-zugindi/

pixel