Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматы мен тағы екі өңірде террористік қауіптің "қызыл" деңгейі әлі сақталуда

Опубликовано:

Алматы
Фото: NUR.KZ / Владимир Третьяков

Ұлттық қауіпсіздік қызметінің ресми сайтында еліміздің қай өңірлерінде террористік қауіптің "қызыл" деңгейі әлі де сақталып отырғаны жарияланды, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Қауіпті "қызыл" деңгей Алматы қаласы мен Жамбыл және Алматы облыстарында сақталуда. Аталған өңірлердегі террорға қарсы операция әлі жалғасуда.

Террористік қауіптің жоғары "қызғылт" деңгейі 13 қаңтардан бастап Нұр-Сұлтан, 14 қаңтардан бастап Шымкент қалаларында 14 күнге дейін сақталады.

Еліміздің келесі өңірлерінде террористік қауіптің орташа ("сары") деңгейі белгіленді:

- Солтүстік Қазақстан облысында және Қарағанды облысының Балқаш қаласында 14 тәулік мерзімге;

- Павлодар облысында 10 тәулікке;

- Ақмола облысында ерекше өкімге дейін.

2022 жылғы 14 қаңтардан бастап Батыс Қазақстан облысында террористік қауіптіліктің орташа "сары" деңгейі 14 тәулікке енгізілді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1951349-almaty-men-tagy-eki-onirde-terrordyn-qauipti-qyzyl-dengeii-ali-saqtaluda/

pixel