Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қарағанды мен Теміртау арасындағы жолда 8 көліктің қатысуымен жол апаты болды (видео)

Опубликовано:

Фото
Видеодан кадр: instagram.com/qara.qala

Қарағанды мен Теміртау арасындағы жолда сегіз көліктің қатысуымен жол апаты болды. Көліктердің соқтығысуына көктайғақ пен боран себеп болған, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі Қарағанды облысы полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жаппай жол апаты Алматы-Екатеринбург тас жолының 1044-шақырымында, Қарағанды мен Теміртау арасында болған. Жол апатына көктайғақ пен боран себеп болған. Өңірде қар аралас жаңбыр жауып, қатты жел соққан.

Абай қаласы мен Вольный ауылы аралығында да ЛиАЗ автобусы аударылып қалған. Қарағанды облысы ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, жол-көлік оқиғалары тіркеуге алынған.

"Көктайғақ және қатты жел соғып тұрған кезде ЛиАЗ автобусының жүргізушісі рөлді басқара алмай, оң жағына қарай аударылуға жол берді. Жол апаты салдарынан зардап шеккендер жоқ. Факті полицияға тіркелді, тиісті сараптамалар тағайындалды. Оның нәтижесі бойынша процессуалдық шешім қабылданады", - деді баспасөз қызметінен.

Қарағанды облысы ТЖД мәліметінше, 16 қаңтарда өңірдің солтүстігінде, батысында, шығысында боран, көктайғақ күтіледі. Ал оңтүстік-шығысында тұман болуы ықтимал. Желдің күші кей жерлерде секундына 25 метрге дейін жетеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1951355-qaragandy-men-temirtau-arasyndagy-zolda-8-koliktin-qatysuymen-zol-apaty-boldy-video/

pixel