Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қызылорда облысында жол апатынан 8 адам қайтыс болды

Опубликовано:

Жол апаты
Көрнекі фото: "Ақ Жайық" басылымы

Қызылорда облысындағы "Шымкент-Самара" тас жолында 8 адамның өліміне себеп болған жол апаты тіркелді, деп хабарлайды Polisia.kz.

Қайғылы оқиға Арал ауданы Аралқұм елдімекені аумағында болған. Тәртіп сақшылары жол апатынан 8 адамның ажал құшқанын хабарлады.

Қазіргі уақытта Қылмыстық кодекстің 345-бабы 4-бөлігі бойынша (Автокөлікті басқарған адамның абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соқтырған жол-қозғалысы ережелерін бұзуы) сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр.

Тиісті сот сараптамалары тағайындалды, болған жайттың мән-жайы анықталуда.

Одан бөлек, Қызылорда облысының комендатурасы жүргізушілерден өңірде ауа райы нашарлауына байланысты жол-қозғалысы ережелерін қатаң сақтауды өтінеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1951360-qyzylorda-oblysynda-zol-apatynan-8-adam-qaitys-boldy/

pixel