Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Елімізде бірде бір өңір "жасыл" аймақта қалған жоқ

Опубликовано:

Қар
Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Елдегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы жаңарды. Оған сәйкес, Қазақстанның бірде бір облысы "жасыл" аймақта қалған жоқ. Бұл туралы COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК Telegram каналы хабарлады.

2022 жылғы 16 қаңтардағы жағдай бойынша Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы келесідей:

  • "қызыл" аймақта Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары, Атырау, Алматы, Ақтөбе Ақмола, Батыс Қазақстан, Жамбыл, Маңғыстау, Қарағанды, Қызылорда, Қостанай, Павлодар облыстары;
  • "сары" аймақта Шығыс Қазақстан, Түркістан, Солтүстік Қазақстан облыстары тұр.

Айта кетейік, өткен тәулікте елімізде 13 523 адамнан коронавирус инфекциясы анықталған болатын.

Қазіргі уақытта 67 700 адам коронавирус инфекциясынан емделуде, оның ішінде 6 186 пациент стационарда, 61 514 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

Жалпы 253 адамның жағдайы ауыр, 78 пациенттің жағдайы өте ауыр, 44 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1951362-elimizde-birde-bir-onir-zasyl-aimaqta-qalgan-zoq/

pixel