Елімізде бірде бір өңір "жасыл" аймақта қалған жоқ
Опубликовано:

Елдегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы жаңарды. Оған сәйкес, Қазақстанның бірде бір облысы "жасыл" аймақта қалған жоқ. Бұл туралы COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК Telegram каналы хабарлады.
2022 жылғы 16 қаңтардағы жағдай бойынша Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы келесідей:
- "қызыл" аймақта Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары, Атырау, Алматы, Ақтөбе Ақмола, Батыс Қазақстан, Жамбыл, Маңғыстау, Қарағанды, Қызылорда, Қостанай, Павлодар облыстары;
- "сары" аймақта Шығыс Қазақстан, Түркістан, Солтүстік Қазақстан облыстары тұр.
Айта кетейік, өткен тәулікте елімізде 13 523 адамнан коронавирус инфекциясы анықталған болатын.
Қазіргі уақытта 67 700 адам коронавирус инфекциясынан емделуде, оның ішінде 6 186 пациент стационарда, 61 514 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.
Жалпы 253 адамның жағдайы ауыр, 78 пациенттің жағдайы өте ауыр, 44 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1951362-elimizde-birde-bir-onir-zasyl-aimaqta-qalgan-zoq/