Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыдағы тәртіпсіздіктер кезінде соққыға жығылған әскери қызметкерлердің видеосы пайда болды

Опубликовано:

Видеодан кадр
Видеодан кадр: facebook.com/dos.kurmanbayev

Әлеуметтік желіде қазақстандықтар Алматыдағы тәртіпсіздіктер кезінде таяқ пен арматурамен қаруланып, әскери қызметкерлер мен полицейлерді ұрып-соққан адамдардың видеосын талқылап жатыр, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Қайғылы оқиғаның куәгері Жандос Құрманбаев 15 минуттық видеоны өзінің Facebook парақшасында жариялады.

"Таяқ және арматурамен қаруланған террористер Алматы орталығында әскери қызметкерлерд өлтіріп жатыр. 5 қаңтар, 15:40. Видео айғақ", - делінген видеоның сипаттамасында.

Кадрларға қарағанда видео Сейфуллин мен Шевченко көшелерінің қиылысында түсірілген.

Видеодан өздерін агрессивті ұстаған жүздеген адамның қала орталығына қарай бара жатқанын көруге болады. Сонымен бірге, кадрларда бірнеше полиция қызметкеріне жасалған шабуыл да көрсетілген.

Назар аударыңыз! Видеода жантүршігерлік кадрлар бар. Бейнежазбаны психикасы әлсіз адамдарға, 18 жасқа толмаған жасөспірімдерге, аяғы ауыр әйелдерге көруге ұсынылмайды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1951386-almatydagy-tartipsizdikter-kezinde-soqqyga-zygylgan-askeri-qyzmetkerlerdin-videosy-paida-boldy/

pixel