Алматыдағы тәртіпсіздік кезінде 160 адам қаза тапты

Опубликовано:

Алматы
Фото: NUR.KZ / Владимир Третьяков

Алматы қалалық полиция департаментінің басшысы Қанат Таймерденов ОҚК-нің онлайн-жиынына қатысып, тәртіпсіздік кезінде қалада қанша адамның көз жұмғанын мәлімдеді, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Таймерденовтің айтуынша, Алматыдағы тәртіпсіздік кезінде 160 адам қайтыс болды. Оның ішінде 11 адам – құқыққорғау органдарының қызметкерлері.

"Өкінішке қарай, жаппай тәртіпсіздік кезінде 149 адам қайтыс болды. Олардың басым бөлігі – бандиттер мен террористер, сондай-ақ, солардың қолынан мерт болған бейбіт тұрғындар. Ал 11 адам құқыққорғау органдарының қызметкерлері.

Полиция бөлімшесі мен блокопстқа шабуыл жасаған 5 қаңтардан 6 қаңтарға қараған түнде террористердің басым бөлігі жойылды", - деді полиция департаментінің басшысы.

Еске сала кетейік, Бас прокуратура кеше өткен баспасөз жиынында Қазақстандағы тәртіпсіздік кезінде 225 адамның қайтыс болғанын мәлімдеген болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1951412-almatydagy-tartipsizdik-kezinde-160-adam-qaza-tapty/