Алматыдағы тәртіпсіздік: Соққыға жығылған күштік құрылым өкілдері бейнеленген видеоға ІІМ пікір білдірді

Опубликовано:

Алматы
Фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Ішкі істер министрлігі Алматыдағы тәртіпсіздіктер кезінде полицейлер мен әскери қызметшілердің соққыға жығылғаны бейнеленген видеоға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды "Хабар 24" .

Естеріңізге сала кетейік, видеоны әлеуметтік желіде оқиға куәгері жариялаған еді.

Министрлік расымен де оқиғаның 5 қаңтар күні шамамен 15:40-та Шевченко-Сейфуллин көшелерінің қиылысында болғанын растады.

"Видеода полиция қызметкерлері мен Ұлттық ұланның әскери қызметшілері Республика алаңына қарай бет алған сәті бейнеленген. Ол жақта әкімдік ғимаратын кезекті рет басып алуға тырысқан топтың басым екені байқалды. Барлық күштік құрылымдар шабуылдаушылардың әрекетін болдырмау үшін алаңға жіберілді.

Көріп отырғандай, бандиттер сол жаққа кетіп бара жатқан колоннадан бірнеше қызметкерді шығарып алып, топпен соққыға жыққан. Олардың әрқайсысы аяусыз соққыға жығылған.

Құқық қорғаушылар ауыр жарақат алды. Қазір олардың өміріне қауіп төніп тұрған жоқ", - дейді ішкі істер министрлігінің баспасөз хатшысы Әйгерім Оразалиева.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Алматы қаласы полиция департаментінің басшысы Қанат Таймерденов қаладағы жаппай тәртіпсіздік кезінде 160 адамның қаза тапқанын мәлімдеген еді.

Одан бөлек, ол қалалық полиция департаментіне 27 рет шабуыл жасалғанын айтты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1951426-almatydagy-tartipsizdikter-kezinde-soqqyga-zygylgan-kustik-qurylym-okilderi-beinelengen-videoga-iim-pikir-bildirdi/

jitsu gif