Оралда пластикалық орындыққа басы қыстырылып қалған 6 айлық сәби құтқарылды
Опубликовано:

Орал қаласында пластикалық орындыққа басы қыстырылып қалған 6 айлық бала құтқарылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Батыс Қазақстан облыстық төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға 16 қаңтар күні "Бәйтерек" шағынауданында болған.
Сағат 13.06-да Үркер көшесіндегі үйде пластикалық орындыққа бір жасқа толмаған қыз баланың басы қыстырылып қалғаны туралы хабар түскен.
ТЖ қызметкерлерінің жедел іс-әрекеті нәтижесінде сәби құтқарылған.
Осы орайда ведомство балаларды қараусыз қалдырмау керектігін еске салды.
Айта кетейік, бұған дейін елордалық дәрігерлер балалардың қандай затты жиі жұтып қоятынын айтқан еді.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1951431-oralda-plastikalyq-oryndyqqa-basy-qystyrylyp-qalgan-6-ailyq-sabi-qutqaryldy/