Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыдағы жаппай тәртіпсіздіктен кейін ұсталғандар саны 2601-ге жетті

Опубликовано:

Алматы
Фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Алматы комендатурасы қаладағы жағдайды баяндады. Оған сәйкес, мегаполисте жаппай тәртіпсіздікке қатысты деген күдікпен ұсталғандар саны 2601-ге жеткен, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

"Террорға қарсы операция басталғаннан бері лаңкестік, тонау және басқа да қылмыстардың 2 601 қатысушысы ұсталды. 127 бірлік атыс қаруы мен 4 077 оқ-дәрі тәркіленді", - дейді Алматы қаласы комендатурасының ақпарат орталығы.

Өткен тәуілікте "102" пультіне 329 хабарлама келіп түскен. Сонымен қатар, комендатураның Call-орталығына 48 адам қоңырау шалған.

Барлық хабарламалар дер кезінде өңделді, дейді комендатураның ақпарат орталығы.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Алматы қаласы полиция департаментінің басшысы Қанат Таймерденов қаладағы жаппай тәртіпсіздік кезінде 160 адамның қаза тапқанын мәлімдеген еді.

Одан бөлек, ол қалалық полиция департаментіне 27 рет шабуыл жасалғанын айтты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1951443-almatydagy-zappai-tartipsizdikten-keiin-dep-ustalgandardyn-sany-2601-ge-zetti/

pixel