Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда жаппай тәртіпсіздіктен келген шығынның алдын ала сомасы белгілі болды

Опубликовано:

Алматы
Фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Алматы әкімінің орынбасары Ілияс Өсеров мегаполистің тыныс-тіршілігін қалпына келтіру жөніндегі қалалық штаб отырысында жаппай тәртіпсіздік кезінде келтірілген шығынның алдын ала мөлшерін атады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Ілияс Өсеров бүгінгі таңда қаңтардың басында болған жаппай тәртіпсіздік кезінде келтірілген шығынды бағалау жөніндегі қалалық және аудандық комиссиялар құрылғанын хабарлады.

Алдын ала есеп бойынша, жалпы шығын көлемі 112,6 миллиард теңгені құраған.

"Бизнес субъектілеріне келген шығын – 67 миллиард теңге, оның ішінде орта және шағын бизнеске 42 млрд теңге көлемінде шығын келген.

Қазіргі уақытта біз бұл сандарды нақтылау үстіндеміз. Деректерді қайта тексеру жүріп жатыр. Шағын және орта бизнестің ішінде ең көп залал азық-түліктік емес дүкендерге келген. Шығын көлемі - 21 млрд теңге. Сонымен қатар, азық-түлік дүкендеріне – 5,7 миллиард теңге, қару-жарақ дүкендеріне – 6,4 миллиард теңге, ломбардтарға – 2,9 миллиард теңге, қоғамдық тамақтану орындарына – 1,8 миллиард теңге шығын келді. Ал ірі бизнеске келген шығын шамамен 25 миллиард теңге деп бағаланып отыр", - деді ол.

Әкім орынбасарының дерегінше, мемлекеттік органдардың материалдық-техникалық базасы бойынша шығын шамамен 16,7 миллиард теңгені құрайды. Полиция департаментінің техникалық жабдықтары мен қару-жарағына көп шығын келген. Оның көлемі - 16 миллиард теңге.

Сондай-ақ төтенше жағдайлар департаменті мен әкім аппаратына да залал келтірілген.

"Сергек" бейнемониторинг жүйесі бойынша шығын алдын ала есеп бойынша 250 миллион теңгені құрады. Мемлекеттік органдар және жеке тұлғалардың көліктеріне келген шығын – 2 миллиард теңгеге жуық. Зардап шеккен қызметкерлерге берілетін өтемақы 600 миллион теңге көлемінде.

Ең көп шығын келген - Алмалы ауданы (20 млрд теңге). Ал Әуезов және Бостандық аудандары бойынша шығын, сәйкесінше 20 және 17 млрд теңгені құрайды. Ең аз шығын Наурызбай ауданына келген", - деді спикер.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1951461-almatyda-zappai-tartipsizdikten-kelgen-sygynnyn-aldyn-ala-somasy-belgili-boldy/

pixel