Алдағы күндері елімізде күн суытуы мүмкін
Опубликовано:

Еліміздің синоптиктері алдағы үш күнге, яғни 18-20 қаңтарға арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі "Қазгидромет" РМК-ның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Метеорологтардың мәліметінше, алдағы үш күнде Қазақстанға Қара теңіз аудандарынан келетін Батыс антициклоны әсер етеді.
Салдарынан солтүстікте жауын-шашын тоқтап, аяз болады деп күтілуде. Солтүстік және солтүстік батыс аймақтарда сынап бағанасы түнде -10-25 градусқа дейін төмендеуі ықтимал.
Ал еліміздің батысында қар аралас жаңбыр жауып, екпінді жел соғып, көктайғақ күтіледі.
Ауа температурасы батыста -5-15 градусқа дейін, оңтүстікте -15 градусқа дейін төмендеуі мүмкін.
"Қазгидромет" РМК ресми сайтының хабарлауынша, 18 қаңтарда Алматыда жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі.
Күндіз ауа температурасы 4-6 градус аралығында жылы болады. Дегенмен түнде сынап бағанасы -1 градусқа дейін төмендеп, қар жаууы ықтимал.
18 қаңтарда Нұр-Сұлтан қаласында көшпелі бұлт шығып, жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Күндіз және түнгі уақытта ауа температурасы -10-12 градусты көрсетеді.
Ал Шымкент аумағында 18 қаңтарда қар аралас жаңбыр жаууы ықтимал. Күндіз ауа температурасы 3-5 градус аралығында, түнде 1-3 градус аралығында жылы болмақ.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1951507-aldagy-kunderi-elimizde-kun-suytady-dep-kutilude/