Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматы әуежайындағы жағдайға байланысты Қазақстанда 27 әуе рейсі тоқтатылды

Опубликовано:

Ұшақ
Көрнекі фото: pexels.com

Алматы әуежайындағы жағдайға байланысты елімізде тұрақты ұшатын 27 әуе рейсі тоқтатылды. 17 қаңтардағы рейстер кестесі азаматтық авиация комитетінің ресми Telegram арнасында жарияланды.

Комитет дерегінше, бүгін, 17 қаңтарға барлығы 168 әуе рейсі жоспарланған. Олардың 11-ін Air Astana мен FlyArystan, 22-ін Qazaq Air, және 35-ін SCAT әуекомпаниялары орындайды.

Оның ішінде 27 рейс тоқтатылса, 4 рейс кешіктіріліп жүзеге асырылмақ.

"Рейстердің кешігуі мен тоқтатылуының негізгі себептері - Алматы әуежайының жұмыс регламенті, тізбекті реакцияға байланысты әуе кемесінің кеш келуі", - деп түсіндірді азаматтық авиация комитеті.

Халықаралық рейстерге келетін болсақ, бүгін, 17 қаңтарда Қазақстаннан басқа елдерге 66 рейс жоспарланып отыр:

  • Нұрсұлтан қаласынан 23 халықаралық рейстің орындалуы жоспарлануда. Оларға Мәскеу, Стамбул, Дубай, Варшава, Жуковский, Екатеринбург, Ташкент, Франкфурт бағыттары кіреді.
  • Алматы, Ақтау, Ақтөбе, Түркістан қалаларынан 43 халықаралық рейс жоспарлануда. Оларға Мәскеу, Дубай, Кувейт, Баку, Ташкент, Стамбұл, Шарджа, Киев, Анталья, Пхукет, Коломбо, Бішкек, Үргенч, Нүкіс, Тбилиси бағыттары кіреді.

Азаматтық авиация комитеті сонымен қатар, Lufthansa әуекомпаниясы Қазақстаннан ұшып келетін және ұшып баратын рейстерді 22 қаңтарға дейін уақытша тоқтатқанын жеткізді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1951508-almaty-auezaiyndagy-zagdaiga-bailanysty-qazaqstanda-27-aue-reisi-toqtatyldy/

pixel