Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Студенттер елдегі жаппай тәртіпсіздікке қатысты ма: Министрлік пікір білдірді

Опубликовано:

Алматы
Фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Елде болған жаппай тәртіпсіздікке студенттер қатысты ма? Бұл сұраққа Білім және ғылым министрлігі жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаментінің директоры Әділет Тойбаев жауап берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

"Бізде студенттердің жаппай тәртіпсіздікке қатысқаны туралы ресми дерек жоқ. Каникул кезі болғандықтан студенттер жатақханада болған жоқ, үйлеріне қайтып кеткен. Сондықтан олардың қатысқаны немесе қатыспағаны туралы бізде ақпарат жоқ.

Жатақханаларда 5 мыңға жуық студент тұрып жатты, олар - негізінен шетел студенттері", - дейді Әділет Тойбаев орталық коммуникациялар қызметінде онлайн өткен баспасөз мәслихатында.

Айта кетейік, осыған дейін Алматы әкімінің орынбасары Ілияс Өсеров мегаполистің тыныс-тіршілігін қалпына келтіру жөніндегі қалалық штаб отырысында жаппай тәртіпсіздік кезінде келтірілген шығынның алдын ала мөлшерін атаған еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1951516-studentter-eldegi-zappai-tartipsizdikke-qatysty-ma-ministrlik-pikir-bildirdi/

pixel