Тәртіпсіздіктер кезінде зардап шеккен балалар қалай білім алады: БҒМ жауап берді

Опубликовано:

Қаламмен жазып жатыр
Көрнекі фото: Pexels.com

Балалар омбудсмені Аружан Саиннің дерегінше, елдегі жаппай тәртіпсіздік кезінде мектеп жасындағы бірнеше бала зардап шеккен. БҒМ мектепке дейінгі және орта білім беру комитетінің басшысы Гүлмира Кәрімова ОКҚ өткен брифингте ол балалардың әрі қарай қалай білім алатынын айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Гүлмира Кәрімованың хабарлауынша, БҒМ тәртіпсіздіктер кезінде қанша бала зардап шеккені туралы толық ақпараттан хабарсыз. Оның айтуынша, бұл балаларды оқыту мәселесі барлық расталған деректерден кейін шешілетін болады.

"Әрине, шешім қабылданатын болады. Егер бүгінгі күні бала ауырып жатса, онда жазылғаннан кейін сабағын жалғастырады. Бұл дәстүрлі практика. Бұл жерде бәрі баланың денсаулығына байланысты. Оның денсаулығы сабақ оқуды жалғастыра алуына байланысты", - деді спикер.

Сонымен бірге, ол зардап шеккен балалардың онлайн оқуға мүмкіндігі болатынын атап өтті.

"Әр баланың жағдайына қарай шешім қабылданады және әрине, жеке қорытынды болады. Шешімді жергілікті атқарушы органдар қабылдайды", - деді Гүлмира Кәрімова.

Еске сала кетсек, бұған дейін елімізде екінші жартыжылдықта мектеп оқушылары мен студенттер қалай білім алатынын жазған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1951528-tartipsizdikter-kezinde-zardap-sekken-balalar-qalai-bilim-alady-bgm-zauap-berdi/

jitsu gif