ҰҚК Жамбыл облысында қару жасырылған орынды тапты
Опубликовано:

Ұлттық қауіпсіздік комитеті Жамбыл облысында қару жасырылған орынды тапты.
Ресми ақпарат ҰҚК сайтында пайда болды.
ҰҚК Шекара қызметінің Жамбыл облысы бойынша департаменті мемлекеттік шекарадан екі шақырым жерден атыс қаруы жасырылған орынды тапты. Жасырын жерден 4 тапанша мен 6 бірлік бір ойық және тегіс ұңғылы қару түрлері алынды.

Аталған факті бойынша тергеу амалдары жүргізілуде.

14 қаңтарда "Қордай" (автокөліктік) өткізу пунктінде жеңіл автокөлікпен келе жатқан Қырғызcтанның "С" есімді азаматы ұсталды. Тексеру кезінде көліктің жүк бөлігінен 50 дана литерлік мөрлер, 4 дана шетелдік паспорттар мен 20 дана банктік карталар табылды.

Ұсталған азамат Қордай ауданы бойынша АІІБ-ға тапсырылды.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1951531-uqk-zambyl-oblysynda-qaru-zasyrylgan-oryndy-tapty/