Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Еліміздегі балабақшалар штаттық режимде жұмыс істеп жатыр

Опубликовано:

Оқу ордасы
Көрнекі фото: pxhere.com

БҒМ Мектепке дейінгі және орта білім комитетінің басшысы Гүлмира Каримова ОКҚ брифингінде елімізде балабақшалардың қалай жұмыс істейтінін айтты. Бұған дейін тәртіпсіздіктерге байланысты олардың жұмысы уақытша тоқтатылған еді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Гүлмира Каримова жалпы Қазақстан бойынша оқушылардың 60%-ы штаттық режимде және 40%-ы қашықтық режимде оқитынын хабарлады. Бұл сәйкесінше 2 миллионнан астам және шамамен 1,5 миллион оқушы.

"Санитарлық дәрігер шешімі бойынша, балабақшалар штаттық режимде жұмыс істеуді жалғастырады, - деп қосты ол.

Сонымен қатар, спикер ерекше қажеттіліктері бар балалар оқитын түзету кабинеттері мен ұйымдарда сабақтар жеке немесе шағын топта өтетінін атап өтті.

Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін Алматыда тәртіпсіздік кезінде балабақшалар жабылған болатын. Олардың ашылуы төтенше жағдай режимінің күші жойылған күнге, яғни, 20 қаңтарға жоспарланған.

Сонымен қатар, БҒМ-де өткен брифинг барысында елдегі тәртіпсіздіктер кезінде зардап шеккен балалардың қалай оқитыны туралы айтылды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1951535-elimizdegi-balabaqsalar-stattyq-rezimde-zumys-istep-zatyr/

pixel