50 мың теңге сыйақы берілетіні рас па: Министрлік желідегі ақпаратқа пікір білдірді
Опубликовано:

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі желіде ведомствоның атынан таралған онлайн-сауалнама арқылы 50 мың теңге сыйақы алу туралы ақпаратты жоққа шығарды, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.
"Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі атынан ведомствоның онлайн-сауалнама жүргізіп, 50 мың теңге мөлшерінде сыйақы төлейтіні жөнінде таралған ақпарат шындыққа жанаспайды", - деп мәлімдеді министрліктің баспасөз қызметі.
Ведомство таралған хабарламалардағы айтылған мәліметті жоққа шығарып, халықты абай болуға шақырады.
"Күмәнді сілтемелерге өтпеулеріңізді және ресми ақпарат көздеріне ғана сенулеріңізді сұраймыз", - делінген хабарламада.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын қаңтардан бастап Қазақстанда педагогтардың, медицина және әлеуметтік қызметкерлердің жалақысы өскенін жазған болатынбыз.
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап педагогтар мен әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы қызметкерлердің жалақысы 25 пайызға, медицина қызметкерлерінің жалақысы орта есеппен 20-30 пайызға өскен.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1951550-50-myn-tenge-syiaqy-beriletini-ras-pa-ministrlik-zelidegi-aqparatqa-pikir-bildirdi/