Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қысқы демалыстың созылуына байланысты оқу жылы ұзартыла ма

Опубликовано:

Оқушы
Көрнекі фото: pixabay.com

Білім және ғылым министрлігі қысқы демалыстың созылуына байланысты оқу жылын ұзарту мәселесіне қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Мектепке дейінгі және орта білім комитетінің төрайымы Гүлмира Кәрімованың айтуынша, бұл республика бойынша, соның ішінде әрбір аймақтың санитарлық-эпидемиологиялық жағдайына байланысты болады.

"Оқу жылы ұзартыла ма, жоқ па, ол жайында сөз қозғаған ерте деп ойлаймын. Себебі күн сайын науқастар саны т.б. талдау жұмыстары жүргізіледі. Оқу жылын ұзарту туралы шешім қабылданса, біз ол ақпаратты міндетті түрде жариялаймыз", - деді Кәрімова орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингте.

Еске сала кетсек, бұған дейін елімізде екінші жартыжылдықта мектеп оқушылары мен студенттер қалай білім алатынын жазған едік.

Сонымен бірге, елдегі жаппай тәртіпсіздік кезінде зардап шеккен балалардың қалай білім алатыны қатысты да ақпарат жарияланды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1951552-qysqy-demalystyn-sozyluyna-bailanysty-oqu-zyly-uzartyla-ma/