Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Маңғыстау облысында әкім қамауға алынды

Опубликовано:

Шенеунік
Көрнекі фото: regnum.ru

Форт-Шевченко қаласының әкімі көлікті мас күйде жүргізгені үшін 15 тәулікке қамалды. Бұл туралы Маңғыстау облысы Түпқараған аудандық сотының баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Lada.kz.

Форт-Шевченко әкімі Шалқыбай Әзірбаев ӘҚБтК-нің 608-бабының 1-бөлігі бойынша сот алдына келді. Сот шенеуніктің Toyota Camry көлігін мас күйінде басқарғанын анықтады.

Ол Ақтауда Форт-Шевченко автожолының 3-шақырымында ұсталды. Сараптама оның жеңіл дәрежеде мас болғанын растады.

Түпқараған аудандық сотының баспасөз қызметі аталған тәртіпбұзушылық 15 күнде қамауға алу және жүргізуші куәлігінен 7 жылға айыру жазасын көздейтінін алға тартты.

"Әзірбаев сот отырысында өз кінәсін мойындаған жоқ. Ол алкогольді ішімдік ішпегенін, сыртқаттануына байланысты мойнын спиртпен сүрткенін айтты",-деді сотта.

Мемлекеттік айыптау мемлекеттік қызметкерді кінәлі деп тануды сұрады. Ол 15 тәулікке қамалып, 7 жылға көлік құралын басқару құқығынан айырылды.

Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1951567-mangystau-oblysynda-akim-qamauga-alyndy/

pixel