Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Полиция Семейдегі тәртіпсіздіктер мен бүліктің видеосын жариялады

Опубликовано:

Фото
Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Шығыс Қазақстан облысының полиция департаменті Семейдегі жаппай тәртіпсіздік пен бүліктің видеосын жариялады, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Ведомствоның мәліметінше, видеода бейнебақылау камераларындағы жазбалар мен әлеуметтік желідегі кадрлар көрсетілген.

Оқиға 5 қаңтарда болған. Осы кезде агрессивті адамдар тобы тәртіпсіздіктерді, тонауды және басқа да заңсыз әрекеттерді тоқтатпақ болған полиция мен әскери қызметкерлерге бірнеше рет шабуыл жасап, соққыға жыққан.

"Полиция қызметкерлері қаладағы құқықтық тәртіпті қорғап, қарсылық танытты. Террористік шабуылдардың жолын кесу және мемлекеттік органдардың әкімшілік ғимараттарына жасалған қарулы шабуылдарды тойтару нәтижесінде барлығы 128 құқық қорғау қызметкері мен Ұлттық ұланның 19 әскери қызметкері зардап шекті", - деп хабарлады Шығыс Қазақстан облысы полиция департаменті баспасөз қызметінен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1951579-policiya-semeidegi-tartipsizdikter-men-buliktin-videosyn-zariyalady/

pixel