Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қаруды өз еркімен тапсырғандар жауапкершіліктен босатыла ма

Опубликовано:

Қару-жарақ
Фото: Жамбыл облыстық ПД баспасөз қызметі

Алматы полиция департаменті қару қабылдау науқанын бастады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Алматы қаласының комендатурасының хабарлауынша, қаруды заңсыз сақтаған азаматтарға өзіне жақын жердегі полиция басқармасына ерікті түрде тапсыруға мүмкіндік берілген.

Сонымен қатар қылмыстық-процестік кодекстің 287-бабына сәйкес, қару мен оқ-дәрілерді тапсырған адамдар қылмыстық жауапкершіліктен босатылады.

"Ұрланған қару-жарақ, оқ-дәрілер және арнайы құралдар туралы ақпарат болса, "102" нөміріне хабарласуыңызды сұраймыз. Анонимді болатынына кепілдік беріледі", - делінген ақпаратта.

Заңсыз сақталған қару-жарақ пен оқ-дәрілерді өз еркімен бермеген азаматтар анықталған жағдайда қылмыстық жауапкершілікке тартылады.

Сұрақтар бойынша хабарласуға болатын нөмірлер: 8-747-333-91-60; 8-777-346-44-77.

Айта кетері, Алматыда тәртіпсіздіктер кезінде 7 қару-жарақ дүкеніне шабуыл жасалған. Ол жерден 1 347 қару ұрланған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1951580-qarudy-oz-erkimen-tapsyrgandar-zauapkersilikten-bosatyla-ma/

pixel