Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шымкентте көшелерді су басты (фото)

Опубликовано:

1
Фото: Шымкент қаласының әкімдігі

Шымкентте жауын-шашын салдарынан көшелерді су басты. Енді қала әкімдігі су сору жұмыстарын жүргізіп жатыр, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Бұл туралы үшінші мегаполис әкімідігінің баспасөз қызметі хабарлады.

"Шымкентте демалыс күндері басталған жауын-шашын әлі толастар емес. Қазіргі таңда қалалық коммуналдық қызметтер тәулік бойы жұмыс істеп, көшелер мен жолдардағы суды сору жұмыстарын жүргізуде.

Мол жауын-шашынның салдарынан жиналған арық-жылғалардағы суды сору жұмыстарына Әл-Фараби ауданында 5 ассенизаторлық машина, 2 мотопомпа құрылғысы және 57 жұмысшы тартылды. Ауданда санитарлық тазалық жұмыстарын жүйелі жүргізу үшін бөлінген 7 секторда кезекшілік құрылып, бекітілген мамандар өз аумақтарында ирригациялық арықтарды судан тазартуда",- делінген хабарламада.

Әкімдік бүгінде басты және ішкі орамдық көшелер мен жол бойындағы ирригациялық жүйелер тұрақты бақылауда екенін де еске салды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1951619-symkentte-koselerdi-su-basty-foto/

pixel