Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"5 жылдан бері өзгермеген": Мусин ХҚКО қызметкерлерінің жалақысын көтеруді тапсырды

Опубликовано:

ХҚКО
Фото: "Азаматтарға арналған үкімет" Мемлекеттік корпорациясы" КЕ АҚ

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин Халыққа қызмет көрсету орталығының қызметкерлерінің жалақысын арттыруды тапсырды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Бұл жайында министр өз Facebook парақшасында жазды.

Күн сайын маған азаматтардан түрлі тақырыпта жүздеген жеке хабарлама келеді, соның ішінде ұсыныстар мен идеялар, базалардағы ақаулар немесе интернетке қатысты шағымдар, сондай-ақ біздің қызметкерлердің өтінімдері де бар. Бұл ретте "Азаматтарға арналған үкімет" жұмысшыларынан жалақыға қатысты біраз өтініштер келіп түсті.

ХҚКО қызметкерлеріне артылған жүктеме өте үлкен. Біздің фронт-офистер – мемлекеттің бейнесі, себебі ХҚКО қызметкері – мемлекеттік қызметтерді оффлайн алудың жалғыз көзі.

Өткен демалыста "Азаматтарға арналған үкімет" басшылығымен осы жайтты талқыладым. Адил Кожиховқаn барлық аймақтан жұмысшыларды тарта отырып, жалақыны арттыру бойынша жоспар құруды және жалпы еңбекақы мен сыйақы жүйесін қайта қарауды тапсырдым.

Еңбекақының жаңа жүйесін облыстағы ұжымдармен біріге отырып жасау маңызды! 5 жылдан бері жалақысы түк өзгермеген қызметкерлер категориясы да бар. Осы мәселені жылдам жөндеу қажет. Алдағы наурызда жұмысшылар мен олардың отбасылары оң өзгерістерді сезінуі тиіс",- деді ол.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1951620-5-zyldan-beri-ozgermegen-musin-xqko-qyzmetkerlerinin-zalaqysyn-koterudi-tapsyrdy/

pixel