Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстандықтарды ревакцинациялау үшін "Спутник Лайттың" 150 мың дозасы жіберілді

Опубликовано:

вакцинация
Көрнекі фото: NUR.KZ

"СҚ-Фармация" хабтарына COVID-19-ға қарсы "Спутник Лайт" бір компонентті препаратының 150 000 дозасы жіберілді. Бұл туралы "Қарағанды фармацевтикалық кешені" ЖШС ресми Facebook парақшасында хабарланды.

"Бүгін "Қарағанды фармацевтикалық кешені "ЖШС "СҚ-Фармация" хабтарына азаматтарды қайта вакцинациялау үшін COVID-19- ға қарсы "Спутник Лайт" препаратының 150 000 дозасын жіберді", – деп хабарлады ҚФК.

Кешен өкілдері бұл партияның коронавирус инфекциясының таралуын болдырмау үшін ҚФК акционерлерінің шешімімен бөлінген гуманитарлық көмек екенін атап өтті.

"Вакцина КФК тоңазытқыш камерасынан -35 градус температуралық режиммен бірыңғай дистрибьютордың логистикалық хабтарына, салқындату тізбегін қатаң сақтауға арналған жабдық орнатылған мамандандырылған рефрижераторларға тиелді. Препарат қоймаларға жеткізіліп, әрі қарай ел өңірлері бойынша таратылады", – деп толықтырды Қарағанды фармацевтикалық кешенінің өкілдері.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1951621-qazaqstandyqtardy-revakcinaciyalau-usin-sputnik-laittyn-150-myn-dozasy-ziberildi/

pixel