Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда құрылыс дүкенін тонаған деген күдікпен 41 жастағы азамат қолға түсті

Опубликовано:

Күдікті
Фото: polisia.kz

Алматыда құрылыс дүкенінің тоналуына қатысты 41 жастағы азамат ұсталды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Әуезов аудандық полиция басқармасы хабарлағандай, 41 жастағы К. есімді азамат ірі құрылыс супермаркетін тонауға қатысқан деп күдіктеліп отыр. Ол жауап алу кезінде бұл фактіні мойындаған.

Оның жеке көлігін тінту кезінде тонау нәтижесінде ұрланған құрылыс материалдары мен құралдар табылды. Айғақты заттар тәркіленіп, қылмыстық кодекстің 188-бабы бойынша тергеліп жатқан қылмыстық іс материалдарына тіркелді.

Ер адам қамауға алынды.

Еске сала кетсек, бұған дейін террорға қарсы операция басталғаннан бері лаңкестік, тонау және басқа да қылмыстардың 2 мың 748 қатысушысы ұсталғанын жазған едік.

Белгілі болғандай, операция барысында 131 бірлік атыс қаруы мен 4 мың 179 оқ-дәрі тәркіленді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1951622-almatyda-qurylys-dukenin-tonagan-er-adam-ustaldy/

pixel