Қазақстанда тұрғындарды үйден шығаруға уақытша тыйым салынбақ

Опубликовано:

Көрнекі сурет. Фото
Көрнекі сурет. Фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров министрлер кабинетінің отырысы кезінде үкімет тұрғындарды үйден шығару, қоныстандыру немесе ғимараттарды сүруге қатысты атқарушылық әрекеттерді жүзеге асыруға уақытша тыйым салуды жоспарлап отырғанын хабарлады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Отырыс кезінде Әлібек Қуантыров елдегі әлеуметтік-экономикалық жағдайды тұрақтандыру жөніндегі жоспарды ұсынды. Оның сөзінше, бағалардың негізсіз өсуін болдырмау мақсатында 15 шараны жүзеге асыру жоспарланған.

Бұл шаралар сұйытылған мұнай газын сатудың жаңа механизмін жасау, әлеуметтік маңызы бар тауарлар бағасын тұрақтандыру жөніндегі форвардтық механизмдерді қаржыландыруды арттыру және көмір бағасының өсуіне жол бермеуге қатысты шараларды қамтиды.

"Тұрғындар мен кәсіпкерлікті қолдау аясында басталып қойған салықтық және кедендік тексерістерді 2022 жылғы 1 ақпанға дейін тоқтата тұру және кейінге шегеру, кәдеге жарату алымдарына қатысты қадамдар мен ставкаларды қайта қарау, 2022 жылғы 20 сәуіріне дейін тұрғындарды үйден шығару, қоныстандыру және ғимараттарды сүруге байланысты жүзеге асырылатын атқарушылық әрекеттерге уақытша тыйым салу жоспарланып отыр", - деді ҰЭМ басшысы.

Сонымен бірге, теңге толық нығайғанға дейін валюта нарығының тұрақтылығын қамтамасыз ету мәселелері шешілмек.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1951670-qazaqstanda-turgyndardy-uiden-sygaruga-uaqytsa-tyiym-salynbaq/