Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Смайылов: Қажет болса, ауыл шаруашылығы өнімдерін сыртқа сатуға шектеу қою керек

Опубликовано:

Әлихан Смайылов
Әлихан Смайылов. Фото: primeminister.kz

Қажет болса, ауыл шаруашылығы өнімдерін сыртқа сатуға шектеу қою керек. Бұл туралы премьер-министр Әлихан Смайылов үкімет отырысында айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

"Ауыл шаруашылығы министрлігіне ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру мен тұтыну көлемін есептеп, қажет болған жағдайда сыртқа сату бойынша шектеу қоюды тапсырамын. Бірінші кезекте ішкі нарықты қамтамасыз етуіміз керек", - деді премьер-министр.

Сонымен қатар, ол мұнай өнімдерін жеткізу тізбегін қысқартып, баға белгілеу практикасын талдау қажеттігін баса айтты.

"Энергетика министрлігіне бір ай ішінде мұнай өнімдерін өндіру және сату құрылымын реформалау бойынша заңнамалық түзетулер дайындауды тапсырамын", - деді Әлихан Смайылов.

Естеріңізге сала кетсек, бүгінгі үкімет отырысында алдағы уақытта Қазақстандағы "Яндекс" таксилеріне қатысты тексеру жүргізілетіні хабарланған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1951680-smaiylov-qazet-bolsa-auyl-saruasylygy-onimderin-syrtqa-satuga-sekteu-qoyu-kerek/

pixel