Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Утильдік алымды қайта қарау және табысты арттыру: Елдегі ахуалды тұрақтандыру жоспары таныстырылды

Опубликовано:

Алматы
Фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Үкімет еліміздегі әлеуметтік-экономикалық ахуалды тұрақтандыруға бағытталған жедел іс-шаралар жоспарын қабылдады - оған бағаның негізсіз өсуіне жол бермеу, ғимараттарды қалпына келтіру, халықтың табысын арттыру бойынша бағдарламалар енді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров 51 іс-шарадан тұратын жоспарды таныстырды.

Қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті, әлеуметтік және басқа да инфрақұрылымдарды қайта қалпына келтіру:

барлық күш құрылымдарының арнайы мақсаттағы бөлімшелері қызметкерлерінің еңбекақысын көтеру (ақпан)

жауынгерлік әзірлік пен техниканы арттыру, құқық қорғау арнайы органдары мен әскери қызметшілеріне рухани демеу беру (ақпан)

мемлекеттік жылжымайтын мүлік объектілерін қалпына-келтіру, жөндеу жұмыстары (желтоқсан-ақпан)

күш құрылымдарының, ТЖ, сондай-ақ, денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет және спорт саласындағы материалды-техникалық базаны қалпына келтіру (желтоқсан).

Әлеуметтік мәселелер:

зардап шеккен құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне, әлеуметтік сала және төтенше жағдай қызметкерлеріне, сондай-ақ қайтыс болғандардың отбасына, оның ішінде бейбіт тұрғындарға, қайтыс болған қызметкерлердің асырауындағылар мен мұрагерлеріне және әскери қызметшілерге өтемақы төлеу, сондай-ақ қайтыс болғандарға жерлеу рәсіміне өтемақы төлеу,

қаза тапқандардың отбасыларына көмек көрсету және төтенше жағдай кезінде зардап шеккен азаматтар мен заңды тұлғаларға банктік несиелер мен микрокредиттерді өтеуді кейінге қалдыру (қаңтар),

төтенше жағдай кезеңінде несиелер бойынша айыппұлдар мен өсімпұлдарды есептемеу,

жеке тұрғын үй қорынан жалға алынған тұрғын үй үшін азаматтардың жекелеген санаттарына төлем енгізу (қаңтар).

Бағаның негізсіз өсуіне жол бермеу:

сұйытылған газды электрондық сауда алаңдары арқылы сатуды толық көшіруді 2023 жылғы 1 қаңтарға шегеру;

180 күнтізбелік күн ішінде бензин мен дизель отынының бағасын реттеуді енгізу;

көмір бағасының өсуіне жол бермеу шараларын қабылдау,

жанар-жағар майды, малды тірідей және көкөністі экспорттауды шектеу, коммуналдық қызметтерге тарифтер мен бағаларды көтеруге 6 айға мораторий енгізу.

Халықты және кәсіпкерлікті қолдау:

басталған салықтық және кедендік тексерулерді 2022 жылғы 1 ақпанға дейін тоқтата тұру және кейінге қалдыру;

2022 жылғы 1 ақпанға дейiн мемлекеттiк кiрiстер органдарын камералдық бақылау жөнiндегi хабарламалар бермеу,

утильдік алымды қайта қарау, халықтың табысын арттыру бағдарламасын әзірлеу (наурыз),

2022 жылғы 20 сәуірге дейінгі мерзімге ғимараттарды бұзуға, үйді босатуға байланысты атқарушылық әрекеттерге уақытша тыйым салуды енгізу.

Ұйымдастырушылық және қаржылық мәселелер:

ынтымақтастық аясындағы барша ағымдағы мәселелер бойынша шет мемлекеттермен, халықаралық ұйымдармен және басқа да серіктестермен тұрақты қарым-қатынасты қамтамасыз ету;

2022 жылға арналған мемлекеттік іс-қимыл бағдарламасын әзірлеу және қабылдау;

теңгеге деген сенім толық қалпына келгенге дейін валюта нарығының тұрақтылығын қамтамасыз ету;

БҚО, Ақтөбе облысын әлеуметтiк-экономикалық дамытудың кешендi жоспарларын әзiрлеу және Маңғыстау және Атырау облыстарының әлеуметтiк-экономикалық даму жоспарларын нақтылау;

2022 жылға арналған республикалық бюджетті нақтылау.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1951689-utildik-alymdy-qaita-qarau-zane-tabysty-arttyru-eldegi-axualdy-turaqtandyru-zospary-tanystyryldy/

pixel