Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыдағы бүлік кезінде телефон мен планшеттер ұрлады деген күдікпен жас жігіт ұсталды (фото)

Жарияланған күні:

Күдікті
Фото: instagram.com/police_almobl

Алматы облысында оңтүстік астанадағы жаппай тәртіпсіздік кезінде дүкен тонады деген күдікпен ер адам ұсталды. Күдіктіден телефон, планшеттер мен сағаттар табылған. Бұл туралы өңірдегі полиция департаменті Instagram парақшасында жазды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Кербұлақ ауданының полиция қызметкерлері Алматыдағы тәртіпсіздіктер кезінде бөтеннің мүлкін ұрлады деген 23 жастағы күдіктіні ұстады.

Жас жігіттің үйін тінту кезінде 5 телефон, планшеттер, бірнеше қол сағаты, құлаққаптар, флешкалар және байланыс операторларының нөмірлері табылған. Мұның бәрі тәркіленіп, қылмыстық іс материалдарына тіркелді.

Бұған дейін күдікті қылмыстық жауапкершілікке тартылмаған. Анықталғандай, ол Алматыда жұмыс істеген. Қаладағы тәртіпсіздіктерді пайдаланып, ер адам "Апорт" сауда үйіне кіріп, бөтеннің мүлкін қолды еткен.

Күдікті істеген ісін толық мойындаған. Қазір оның басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр.

Фото
Фото: instagram.com/police_almobl

Еске сала кетсек, бұған дейін Алматыдағы тәртіпсіздіктер кезінде дүкеннен құрылыс материалдарын ұрлаған ер адам ұсталғанын жазған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1951705-almatydagy-bulik-kezinde-telefon-men-plansetter-urlagan-zas-zigit-qolga-tusti-foto/