Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шетелде қалып қойған қазақстандық туристер елге қашан қайтады

Опубликовано:

Әуежай11
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Шетелде қалып қойған қазақстандық туристер елге қашан қайтатыны белгілі болды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі мәдениет және спорт министрлігіне сілтеме жасап.

6-17 қаңтар аралығында Қазақстанға 90-ға жуық тұрақты және 30 чартерлік авиарейс арқылы 7361 турист қайтарылды. 17 қаңтардағы рейстердің кешігуіне байланысты 275 турист, оның ішінде Таиландтан – 192, Шри-Ланкадан – 25, Мальдивтен – 34 және Гоадан – 24 турист елге оралады, деп күтілуде.

Ал осы жылдың 19 қаңтарына дейін турфирмалар, туроператорлар және өзге де ұйымдардың көмегіне жүгініп, шетелге шыққан барлық туристер Қазақстанға оралады деп сендірді министрлікте.

"Шетелдегі барлық туристерге рейстердің ауысатыны туралы хабарланды. Туроператорлар өздерінің есебінен, Қазақстанның елшіліктері арқасында туристерді шетелдік қонақүйлерде орналастыруды қамтамасыз етті" ,- делінген мәліметте.

Қазақстанға келетін туристерді тасымалдау және орналастыру бойынша жұмыстар ұйымдастырылды.

Атқарылған іс-шаралар "Туристік Қамқор" КҚ күшімен, Қазақстан мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен жүзеге асырылды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1951722-setelde-qalyp-qoigan-qazaqstandyq-turister-elge-qasan-qaitady/

pixel