Алматының төтенше жағдайлар департаменті қала тұрғындарын сақ болуға шақырды
Жарияланған күні:
Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаменті ауа райының нашарлауына байланысты қала тұрғындарына үндеу жасап, азаматтарды сақ болуға шақырды, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ведомствоның мәліметінше, 19 қаңтарда Алматы тауларында тұман мен көктайғақ күтілуде.
ТЖД көлік жүргізушілері мен жаяу жүргіншілерді көктайғақ кезде жолда аса сақ болуға шақырды. Құтқарушылар қалың қар түсіп, көктайғақ болған кезде көлік басқару қиындай түсетінін айтады.
Сонымен бірге, ТЖД жаяу жүргіншілерді көшеде келе жатқанда арнайы белгіленген орындардан ғана өтуге, ешнәрсеге алаңдамай, аяқ астына қарап жүруге шақырды.
Сондай-ақ, ведомство қала тұрғындарына аяқ киім таңдауға аса мән беру керек екенін айтты.
Мамандар тротуарлар, қоғамдық көлік аялдамалары, дүкендердің кіре берісіндегі баспалдақтар адамдар жиі құлайтын жерлер екенін еске салды.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1951753-almatynyn-totense-zagdailar-departamenti-qala-turgyndaryn-saq-boluga-saqyrdy/