Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Сағынтаевтың кортежіне жасалған қарулы шабуылдың видеосы жарияланды

Опубликовано:

Фото
Видеодан кадр: t.me/kris_p_almaty_official

Әлеуметтік желілерде жаппай тәртіпсіздік кезінде Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаевтың кортежіне оқ жаудырған сәттің видеосы тарап жатыр, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Бейнежазба kris_p_almaty_official Telegram каналында жарияланды.

Видео сипаттамасында Алматы әкімінің кортежі, оның ішінде әкімдік қызметкерлері мен "Алматы" телеарнасының қызметкерлері мінген көлік 6 қаңтар күні әкімдік ғимаратына түсірілімге бара жатқаны айтылған.

Көліктер әл-Фараби даңғылынан Назарбаев даңғылына қарай төмен түскен кезде қарулы шабуыл жасалған.

Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі видеоның 2022 жылдың 6 қаңтарында болған оқиғаны сипаттайын түпнұсқа екенін растады.

"Тергеу мүддесіне байланысты басқа ақпарат жария етілмейді", - дейді әкімнің баспасөз хатшысы Әсет Мұқажанов.

Ескерту! Видеода бейәдеп сөздер бар!

Еске сала кетсек, бұған дейін Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев қаладағы жаппай тәртіпсіздік кезінде оққа ұша жаздағанын жазған едік.

Оның орынбасары Ержан Бабақұмаров айтуынша, Бақытжан Сағынтаев жарақат алмаған. Алайда әкім көлігінің соңында келе жатқан көліктегі Алматы телеарнасының жүргізушісі оққа ұшып, қаза болды. Одан бөлек, әкімдіктің екі қызметкері жарақат алды. Оның бірі - спорт басқармасының басшысы Рустам Байсейітов, екіншісі - Дін істері басқармасының басшысы Нұрлан Кикимов.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1951763-sagyntaevtyn-kortezine-zasalgan-qaruly-sabuyldyn-videosy-zariyalandy/

pixel