Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

ШҚО тұрғыны ерлердің назарын аудару үшін сиқыр жасаймын деген әйелге оңбай алданып қалған

Опубликовано:

балгер11
Көрнекі фото: pixabay.com

Шығысы Қазақстан облысы Үржар ауданының 41 жастағы тұрғыны "балгердің" құрбаны болды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі ШҚО полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Құзырлы органның мәліметінше, 41 жастағы ауыл тұрғыны полицияға 2021 жылдың желтоқсан айының соңында жүгінген.

Ол арызында үйіне түр әлпеті сыған ұлтына келетін әйел келіп, сеніміне кіргенін айтқан.

Яғни, ол ерлердің назарын аудару үшін сиқыр жасайтынын айтып, арызданушының 270 000 теңге сомасындағы ақшасын, 4 алтын сақинасы мен бір алтын сырғасын иемденіп кеткен.

Келтірілген шығын 680 000 теңгені құраған.

Полиция қызметкерлері күдіктіні қолға түсірді. Ол Алматы қаласының 43 жастағы тұрғыны болып шықты.

Аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 190-бабы 1-бөлігі ("Алаяқтық") бойынша сотқа дейінгі тергеу басталған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1951766-sqo-turgyny-erlerdin-nazaryn-audaru-usin-siqyr-zasaimyn-degen-aielge-onbai-aldanyp-qalgan/

pixel