Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Көлікпен жүріп, назарымызды басқа жаққа аударды": Полицей Алматыдағы ПД ғимаратын қалай қорғандарын айтты

Жарияланған күні:

Алматы
Фото: Polisia.kz

Алматы қалалық полиция департаментінің арнайы және жұмылдыру дайындығы басқармасының аға инспекторы Ақтан Зайнолда ПД-ға жасалған шабуылға әріптестерімен бірге қалай тойтарыс бергенін айтты, деп хабарлайды Polisia.kz.

Ақтан Зайнолданың сөзінше, 5 қаңтар күні кешке арнайы жоспар жарияланғаннан кейін қызметкерлер Алматы полиция департаментінің әкімшілік ғимараттарын күзету үшін өздеріне бөлінген посттарға тұра бастаған.

"Біздің міндетіміз – лаңкестердің полиция департаментінің ғимаратына енуіне және олардың қару-жарақты иеленуіне жол бермеу болды. Өйткені, азаматтардың және жалпы елдің қауіпсіздігіне үлкен қауіп төніп тұрды", - дейді капитан Зайнолда.

Оның айтуынша, шабуыл жасағандар жақсы дайындалған.

"Ғимаратқа 4-5 жақтан шабуыл жасалды. Оған қоса, департаменттің жанынан көлікпен жүріп, біздің назарымызды басқа жаққа аударды. Содан кейін бұл көліктерден оқ жаудырды. Менің орным түні бойы қарулы шабуылға тойтарыс берген үшінші постта болды. Әр полиция қызметкерін жауынгерлік позицияларға бөлдік", - дейді аға инспектор.

Ақтан Зейнолда бұл ұрыста әріптестерінің ешбірі қаза таппағанын атап өтті. Ол шабуыл кезінде полиция қызметкерлері бір-біріне қолдау көрсетіп отырғанын жеткізді.

"Біз бір-бірімізді қолдадық. Қарулы лаңкестерге абыроймен тойтарыс беру және олардың қаруды иеленуіне жол бермеу маңызды болды. Біз бейбіт тұрғындар мен қаланы қорғауды бірінші орынға қойдық", - дейді құқық қорғау органының қызметкері.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1951780-kolikpen-zurip-nazarymyzdy-basqa-zaqqa-audardy-policei-almatydagy-pd-gimaratyn-qalai-qorgandaryn-aitty/