Қазақстанда локдаун енгізу жоспарланып отыр ма: Министр жауап берді

Опубликовано:

Халық
Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Қазақстанда ауқымды локдаун енгізіле ме деген сауалға жауап берді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Оның сөзінше, елімізде ауқымды локдаун енгізу жоспарланып отырған жоқ.

"Бүгінгі күні қабылданған шектеу шараларының барлығы денсаулық сақтау жүйесіне түсетін жүктемені және өлім-жітімді азайтуға бағытталған.

Азаматтарға жоспарлы әрі шұғыл медициналық көмек қолжетімді болуы үшін жүйенің істен шығуына жол бермеу керек. Шектеу шаралары әр өңірдегі жағдайға байланысты сараланып қабылданады", - дейді Ажар Ғиният.

Айта кетейік, қазір коронавирустың таралу көрсеткіші бойынша Түркістан облысынан басқа барлық өңір "қызыл" аймақта тұр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1951786-qazaqstanda-lokdaun-engizu-zosparlanyp-otyr-ma-ministr-zauap-berdi/