Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыдағы жаппай тәртіпсіздікке қатысты деген күдікпен екі азамат елорда әуежайынан ұсталды

Опубликовано:

Пышақ
Фото: gov.kz

Елорда әуежайында Ресей Федерациясына кетуге бағыт алған Қазақстан Республикасының екі азаматы ұсталды. Олардан пышақтар, кастеттер мен кісендер табылды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Комитет мәліметінше, 16 қаңтар күні "Нұр-Сұлтан" шекаралық бақылау басқармасының әскери қызметшілері елорда әуежайының нысандарын күзету мен қорғауды жүзеге асыру кезінде Ресей Федерациясына кетуге бағыт алған Қазақстанның екі азаматын ұстаған.

Олардың жүктерінен пышақтар, кастеттер мен кісендерден тұратын суық қару түрлерінің табылғаны белгілі болды.

"Тексеру барысында олардың ұялы телефондарынан Алматы қаласындағы митингтерге, демонстрациялық әрекеттер мен бұзақылықтарға қатысқандығын растайтын бейнежазбалар табылды. Ұсталғандар әрі қарай жауапкершілікке тарту үшін полицияның желілік бөлімінің қызметкерлеріне берілді", - делінген хабарламада.

Одан бөлек, "Ташкент–Нұр-Сұлтан" бағытындағы халықаралық рейсті рәсімдеу кезіндегі паспорттық бақылау жұмысының нәтижесінде жалған төлқұжаты бар Тәжікстан азаматы анықталған.

Ол шекараны заңсыз кесіп өту мақсатында құжаттағы деректерін әдейі өзгерткен.

Мемлекеттік шекара бұзушы келген жағына қайтарылды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1951802-almatydagy-zappai-tartipsizdikke-qatysty-degen-kudikpen-eki-azamat-elorda-auezaiynan-ustaldy/

pixel