Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тоғжанов: Тығылып қонаққа, ресторанның артқы есігінен тойға барғаннан 18 мың адам қайтыс болды

Опубликовано:

Фото
Көрнекі фото: Olx.kz

Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов санитарлық нормаларды елемейтін тұрғындардың әрекетін сынға алды, деп хабарлайды Қазақпарат.

Бұл туралы вице-премьер орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингте айтты.

Оның сөзінше, мемлекеттік органдардың, қоғамның өзара жауапкершілігі ғана қауіпті вирустың таралу тізбегін тоқтата алады.

"Қазіргі уақытта жалғыз дұрыс шешім — вакциналау және санитарлық нормаларды қатаң сақтау. Соңғы уақытта салғырттық көбейгенін, маска тағуды, антисептик қолдануды, әлеуметтік қашықтықты сақтауды тоқтатқанымызды мойындауымыз керек. Көптеген азаматтарымыз оқшаулану талаптарын мүлдем ұмытты және айналасын қатергі тігіп жүр", - деді Ералы Тоғжанов.

Осы орайда премьер-министрдің орынбасары ел тұрғындарын бұқаралық іс-шараларды өткізбеуге және оған бармауға шақырды.

"Біз коронавирус зардабынан екі жылда 18 326 адамнан айрылдық. Бейбіт күнде арамыздағы ардақтыларымызды жоғалттық. Каталдау естілсе де айтайын – көп жағдайда осыған өзіміз кінәліміз. Тығылып қонаққа бару, ресторанның артқы есігінен кіріп той жасау, масқа тағуды қажет деп санамау, санитарлық талаптарды қабыл көрмеу сияқты әрекеттеріміздің кесірінен қаншама адам қайтыс болып кетті. Негізі "Тәртіп – тәрбие бастауы, тәртіпсіздік – өміріңнің қас жауы" деп аталарымыз бекер айтпаған. Қазір босаңситын уақыт емес, аурудың шарықтау шегі әлі алда", - деді Ералы Тоғжанов.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1951805-togzanov-tygylyp-qonaqqa-restorannyn-artqy-esiginen-toiga-bargannan-18-myn-adam-qaitys-boldy/

pixel