Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстандағы тәртіпсіздіктер: Кәсіпкерлерге келтірілген залалды өтеу механизмі бекітілді

Опубликовано:

Алматыдағы тәртіпсіздік кезіндегі полиция
Фото: NUR.KZ / Владимир Третьяков

Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр жекелеген өңірлердегі тәртіпсіздіктер нәтижесінде келтірілген залалдарды жою мәселелері жөніндегі үкіметтік комиссияның кезекті отырысын өткізді, деп хабарлайды primeminister.kz.

Үкіметтің мәліметінше, 8 өңірде 270 нысан, оның ішінде 45 әкімшілік және 225 коммерциялық ғимарат зардап шекті.

"44 әкімшілік нысанды қалпына келтіру бойынша жұмыстар басталды, ал Шымкент және Алматы қалаларында 12 коммерциялық нысан бойынша жұмыстар аяқталды", - делінген хабарламада.

Бұдан басқа, комиссия отырысында үкімет резерві қаражаты есебінен шағын және орта бизнес өкілдеріне келтірілген залалды өтеу механизмі бекітілді.

Бекітілген механизмге сәйкес, кәсіпкерлердің жылжымайтын мүлік объектілері бойынша залал расталған сметалық құжаттама негізінде өтелетін болады.

"Бұл ретте жоғалған тауарлық-материалдық құндылықтар бойынша өтеу көлемін өңірлік комиссиялар "Атамекен" ұлттық кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп, растайтын фискалдық құжаттарды негізге ала отырып айқындайтын болады", - делінген хабарламада.

Роман Скляр зардап шеккен нысандарды қалпына келтіру және тексеруді аяқтау бойынша жұмыстарды жеделдету, сондай-ақ қабылданып жатқан шаралар туралы халықты хабардар ету туралы тапсырма берді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1951808-qazaqstandagy-tartipsizdikter-kasipkerlerge-keltirilgen-zalaldy-oteu-mexanizmi-bekitildi/

pixel