Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Өткен тәулікте 14 мыңға жуық адамнан коронавирус анықталды

Опубликовано:

Медицина
Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Елімізде өткен тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырған 13 874 адам тіркелді. Бұл туралы COVID-19-дың таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК Telegram каналында хабарлады.

Аймақтар бойынша:

  • Нұр-Сұлтан қаласы - 4874
  • Алматы қаласы - 1580
  • Шымкент қаласы - 450
  • Ақмола облысы - 420
  • Ақтөбе облысы - 366
  • Алматы облысы - 329
  • Атырау облысы - 584
  • Шығыс Қазақстан облысы - 394
  • Жамбыл облысы - 233
  • Батыс Қазақстан облысы - 440
  • Қарағанды облысы - 2669
  • Қостанай облысы - 291
  • Қызылорда облысы - 236
  • Маңғыстау облысы - 233
  • Павлодар облысы - 515
  • Солтүстік Қазақстан облысы - 143
  • Түркістан облысы - 117.

Осылайша, жалпы ел бойынша COVID-19 жұқтырғандар саны 1 085 004-жетіп отыр.

Сонымен бірге, өткен тәулікте 2 715 адам коронавирустан жазылып шыққан.

19 қаңтардағы мәлімет бойынша 97 145 адам коронавирус инфекциясынан емделуде, оның ішінде 7 795 пациент стационарда, 89 350 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

Жалпы, 305 адамның жағдайы ауыр, 80 пациенттің жағдайы өте ауыр деп бағалануда, 52 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1951822-otken-taulikte-tagy-138-myn-adamnan-koronavirus-anyqtaldy/

pixel