Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда қоғамдық көліктердің жүру уақыты ұзартылды

Опубликовано:

қоғамдық көлік11
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Төтенше жағдай режимінің аяқталуына және коменданттық сағаттың алынуына байланысты оңтүстік астанада қоғамдық көліктің жұмыс уақыты ұзартылды. Бұл туралы Алматы қалалық мобильділік басқармасы Facebook парақшасында хабарлады.

Ведомствоның хабарлауынша, 19 қаңтардан бастап автобустар мен троллейбустар сағат 06:00-ден 23:00 аралығында жолаушылар тасымалдайды.

Ал метрополитен сағат 06:00-ден 00:00 аралығында қала тұрғындарына қызмет көрсетеді.

Төтенше жағдай кезінде Алматыдағы автобустар мен троллейбустар тек таңғы сағат 9-дан кешкі сағат 9-ға дейін жұмыс істеген еді.

Сондай-ақ, метроның жұмыс уақыты таңғы сағат 7-ден кешкі сағат 9-ға дейін қысқартылған болатын.

Айта кетсек, бүгін, 19 қаңтардан бастап Қазақстанда төтенше жағдай режимі мен коменданттық сағат алынды.

Алайда Алматы қаласы мен Алматы облысында террористік қауіптің "қызыл" деңгейі сақталады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1951831-almatyda-qogamdyq-kolikterdin-zuru-uaqyty-uzartyldy/

pixel