Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматы әуежайы штаттық режимде жұмыс істей бастады

Опубликовано:

Әуежай
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Төтенше жағдай режимі мен коменданттық сағаттың аяқталуына байланысты Алматы әуежайы штаттық режимде жұмыс істеуге көшті. Бұл туралы әуежайдың баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

"Алматыда төтенше жағдай режимі мен коменданттық сағаттың аяқталуына байланысты 19 қаңтар сағат 00:00-ден бастап Алматы халықаралық әуежайы штаттық режимде жұмыс істеуді бастайды.

Әуежай аумағына автокөлікпен кіруге уақытша шектеу қойылғанын естеріңізге саламыз", - деп хабарлады әуежайдың баспасөз қызметі.

Айта кетсек, бүгін, 19 қаңтардан бастап Қазақстанда төтенше жағдай мен коменданттық сағат режимі аяқталды.

Алайда Алматы қаласы мен Алматы облысында террористік қауіптің "қызыл" деңгейі сақталуда.

Сонымен бірге, 19 қаңтардан бастап Алматыда қоғамдық көліктердің де уақыты ұзартылды. Енді автобустар мен троллейбустар сағат 06:00-ден 23:00 аралығында жолаушылар тасымалдайды.

Ал метрополитен сағат 06:00-ден 00:00 аралығында қала тұрғындарына қызмет көрсетеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1951857-almaty-auezai-stattyq-rezimde-zumys-istei-bastady/

pixel