Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

ДДСҰ басшысы: "Омикроннан" кейін коронавирустың басқа да штамдары таралуы мүмкін

Опубликовано:

Тедрос Адханом Гебрейесус
Тедрос Адханом Гебрейесус. Фото: akorda.kz

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бас директоры Тедрос Адханам Гебрейесус "омикрон" штамынан кейін коронавирустың басқа да штамдары пайда болуы мүмкін екенін айтты, деп хабарлайды РИА Новости.

"Бұл пандемия жақын арада аяқталмайды және "омикрон" штамы әлем бойынша жылдам таралып жатқан жағдайда басқа да нұсқалар пайда болуы мүмкін", - дейді Гебрейесус.

ДДСҰ басшысы коронавирустың жаңа штамдары бойынша жағдайды бақылау ұстау маңызды екенін атап өтті.

Сонымен бірге, Гебрейесус "омикрон" шатымын жұқтырған адамда ауру басқа штамдарға қарағанда жеңіл өтеді деген түсінік қате екенін айтты.

Оның сөзінше, "омикрон" штамын жұқтырғандар арасында ауруханаға жатып, тіпті қайтыс болғандар да бар.

Еске сала кетсек, бұған дейін ДДСҰ шұғыл аурулар бөлімі техникалық тобының жетекшісі Мария Ван Керкхове коронавирус жұқтыру көрсеткіші өсіп бара жатқанын айтқан еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1951862-ddsu-bassysy-omikronnan-keiin-koronavirustyn-basqa-da-stamdary-taraluy-mumkin-ekenin-eskertti/

pixel