Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Байқоңыр тұрғындарына теракт қаупі туралы хабарландыру жасалды

Опубликовано:

Алматы
Фото: baikonuradm.ru

Байқоңыр әкімшілігі қала аумағында террорлық шабуыл жасау ықтималдығы туралы хабарлады. Тиісті мәлімдеме ресми сайтта жарияланды.

"Құқық қорғау органдарынан террористік акт қатерінің туындауы және оның жасалуына қарсы іс-қимыл жөніндегі қызметті ұйымдастыру туралы келіп түскен ақпаратқа байланысты Байқоңыр қаласының терроризмге қарсы комиссиясының төрағасы, әкімшілік басшысы Константин Бусыгин қала аумағында террористік қауіптің жоғары "көк" деңгейін енгізу туралы шешім қабылдады. Ол 2022 жылғы 19 қаңтар сағат 12.00-ден 3 ақпан сағат 12.00-ге дейін, 15 тәулік мерзімге белгіленген", - делінген хабарламада.

Қала аумағында құқық қорғау органдары азаматтар, қоғам мен мемлекет қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған қосымша шаралар қабылдауда.

Тұрғындарға адамдардың сыртқы келбетіне, мінез құлқына, жолдың ортасында қалған автомобильдер мен күмәнді заттарға назар аудару ұсынылды.

Ведомство барлық күдікті жағдайлар туралы құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне хабарлау керектігін ескертті.

Сонымен қатар, Байқоңыр әкімшілігі қауіпсіздік қызметкерлеріне көмек көрсетуге және олардың талабына түсіністікпен қарауға шақырды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1951934-baiqonyr-turgyndaryna-terakt-qaupi-turaly-xabarlandyru-zasaldy/

pixel