Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қызылорда облысында сотталған азаматқа донердің ішіне есірткі салып әкелген

Опубликовано:

Айыпталушы
Көрнекі фото: Максим Золотухин

Қызылорда облысында сотталған азаматқа жолданған донердің ішінен есірткі табылды, деп хабарлайды Polisia.kz.

17 қаңтарда Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты ЗК-169/5 мекемесінде жазасын өтеп жатқан Е. есімді азаматқа келген сәлемдеме ішінен есірткі заты анықталды.

Мекеме қызметкерлері сәлемдемені тексеру барысында үш донердің арасына салынған өзіне тән хош иісі бар шөп тектес затты тәркіледі.

Жедел түрде “102” нөміріне хабарланып, мекемеге Қызылорда қалалық полиция басқармасының жедел-тергеу тобы шақыртылды.

Тәркіленген зат бойынша сот сараптама жұмыстары тағайындалды. Оның қорытындысы шөп тектес заттың салмағы 31,18 граммды құрайтын “кептірілген марихуана” екенін дәлелдеді..

Аталған дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 297-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары жүргізілуде.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1951982-qyzylorda-oblysynda-sottalgan-azamatqa-donerdin-isine-esirtki-salyp-akelgen/

pixel