Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тараз тұрғыны тәртіпсіздік кезінде ұрланған қару-жарақтарды гаражында сақтаған

Опубликовано:

Қару-жарақ
Фото: Polisia.kz

Жедел іс-шараларды өткізу барысында Тараз қалалық полиция басқармасының қызметкерлері гараж кооперативтерінің бірінен ұрланған қару-жарақтарды сақтаған 24 жастағы қала тұрғынын ұстады деп хабарлайды Polisia.kz.

Күдікті қаруларды жаппай тәртіпсіздік кезінде ұрлап, гараждың шұңқырына жасырғанын және кейіннен оны сатуға дайындағанын мойындады.

Одан барлығы 10 бірлік “Макаров” тапаншасы, төрт бірлік “Калашников” автоматы мен екі шулы граната тәркіленді. Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталды.

Күдіктінің қалада болған тәртіпсіздіктер кезінде басқа да қылмыстық іс-әрекеттерге қатыстылығын анықтау жұмыстары жүргізілуде.

Тәркіленген қару-жарақтарға қатысты арнайы сот-баллистикалық сараптамасы тағайындалды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1952005-taraz-turgyny-tartipsizdik-kezinde-urlangan-qaru-zaraqtardy-garazynda-saqtagan/

pixel