Алматыда жаппай тәртіпсіздік кезінде өртенген көлік иелері өтемақы алады

Опубликовано:

Алматы
Фото: NUR.KZ / Владимир Третьяков

Алматы әкімінің орынбасары Ілияс Өсеров өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте жаппай тәртіпсіздіктен зарлап шеккен физикалық тұлғалар мемлекет тарапынан өтемақы ала ма деген сұраққа жауап берді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

"Бүгінде келтірілген залалды өтеу бойынша төлемдер басталған жоқ. Ережелер енді ғана әзірленді. Қазір оларды қабылдап жатыр, содан кейін оларды бізге үкімет комиссиясы жеткізеді. Біз ережелерді ала сала міндетті түрде хабарлаймыз.

Жеке мүлікке келетін болсақ, бұл мәселе де пысықталуда. Көп көлік зардап шеккені түсінікті. Көліктердің кейбіріне кішігірім залал келсе, кейбірі түгелдей өртеніп кетті", - деді Алматы әкімінің орынбасары Ілияс Өсеров.

Ол зардап шеккендер құқыққорғау органдарына жүгінуі қажет екенін еске салды.

"Егер залал жаппай тәртіпсіздік кезінде келгені анықталса, өтемақы беру мәселесі қарастырылады. Бұл физикалық тұлғаларға да қатысты",- деді Ілияс Өсеров.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1952008-almatyda-zappai-tartipsizdik-kezinde-ortengen-kolik-ieleri-otemaqy-alady/