Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қарағандыда вакцина салдырмаған оқушылардың сабаққа қатыспайтыны туралы жалған ақпарат тарады

Опубликовано:

Фото
Көрнекі фото: pxhere.com

Telegram мессенджерінде Қарағанды мектептерінің бірінде вакцина салдырмаған жоғары сынып оқушыларын офлайн-режимдегі сабақтарға жібермейтіні туралы ақпарат тарады. Алайда бұл жалған ақпарат, деп хабарлайды StopFake.kz.

Порталдың мәліметінше, сондай-ақ вакцина салдырмаған балаларға емтихандарға дайындалу үшін консультациялар берілмейтіні көрсетілген.

Осы ретте, Қарағанды облысының білім басқармасы бұл ақпаратты жоққа шығарды.

"Бұл ақпарат шындыққа жанаспайды. Коронавирустық инфекцияға қарсы вакцинация ерікті түрде және егілушінің ақпараттандырылған келісімімен ғана жүргізіледі. Қазақстан Республикасының Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы кодекстің 77-бабына сәйкес, Қазақстан Республикасы азаматтарының профилактикалық вакцина алудан бас тартуға құқығы бар.

Егуді жүргізу алдында егілушіге міндетті түрде тексеру жүргізіледі. Медициналық қарсы көрсетілімдер болған жағдайда вакцинация сауыққанға дейін кейінге қалдырылады", – деп хабарлады басқарманың баспасөз қызметінен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1952014-qaragandyda-vakcina-saldyrmagan-oqusylardyn-sabaqqa-qatyspaityny-turaly-zalgan-aqparat-tarady/

pixel