Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Синоптиктер еліміздің бірнеше өңірінде дауылдық ескерту жариялады

Опубликовано:

Фото
Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Еліміздің синоптиктері Қазақстанның бірнеше өңірінде ауа райына байланысты дауылдық ескерту жариялады, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

20-21 қаңтарда Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстігінде, 22 қаңтарда солтүстігінде, оңтүстігінде тұман күтіледі.

20 қаңтарда Қарағанды облысының солтүстігінде тұман, облыстың оңтүстік-шығысында жаяу бұрқасын күтіледі.

Батыс Қазақстан облысының батысында, шығысында, оңтүстік-батысында жаяу бұрқасын күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде тұман күтіледі.

Атырау облысының батысында және орталығында тұман, көктайғақ күтіледі.

Маңғыстау облысының солтүстігінде, батысында тұман, көктайғақ күтіледі.

Алматы облысының таулы аудандарда қатты жауын - шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Кей уақытта оңтүстігінде және шығысында тұман, көктайғақ күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, шығысында екпіні 15-20 м/с.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1952017-sinoptikter-elimizdin-birnese-onirinde-dauyldyq-eskertu-zariyalady/

pixel